Көңілді жаз - 2018

«Филворд» сөзжұмбақтар сайысы

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-30 09:23:01
«Филворд» сөзжұмбақтар сайысы
29 маусым күні лагерде «Филворд» сөзжұмбақтар сайысы өтті. Балаларды екі топқа бөліп сөзжұмбақтарды шешу тапсырмалары берілді. Бірінші қадам: сөзжұмбақта жасырылатын сөздер тізбегімен таныстыру (кітап, доп, қызыл, үш , тоғыз) Екінші қадам: сөзжұмбақ сызбасын тарату. Үшінші қадам: дайын сызбаға сөздерді жазып шығу. Сайыс өте қызықты өтті, балалар тапқырлықтарын көрсете...

«Табиғатты аялайық»

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-30 09:16:57
«Табиғатты аялайық»
  28.06.2018 күні «Табиғатты аялайық» тақырыбында демалушыларға қалалық паркка саяхат ұйымдастырылды. Лагерь тәрбиешісі А.Танайдың ұйымдастыруымен балаларға парктің алғаш салынған тарихы, парктағы ағаштардың түрлері туралы мәліметтер берілді.

«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» акциясы аясында өткізілген танымдық сабақ ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-26 14:04:26
«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес» акциясы аясында өткізілген танымдық сабақ ақпары
1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында мүше мемлекеттердің есірткіден азат халықаралық қоғам құру жөніндегі алған міндеттерін орындау мақсатында 26-маусымды халықаралық нашақорлықпен күрес күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылданған болатын. Осыған байланысты бірі адам организіміне зиянды заттарды анықтайтын, бірі салауатты өмір салтын насихаттайтын топтар құрылып, сурет...

«Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің ІІІауысымының ашылу салтанатының ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-25 15:06:09
«Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің ІІІауысымының ашылу салтанатының ақпары
Лагерь басшысы Н.А.Махтбекова құттықтау сөз сөйлеп, «Балауса» жазғы сауықтыру лагерін ашық деп жариялады. Лагерьге қатысушы оқушылар «Жаз», «Көңіл-күй» туралы тақпақтары мен өлеңдерін айтып, ашылу салтанатына өз үлестерін қосты. «Жаз-2018»  жоспары бойынша демалушылар, Оқушылар сарайындағы «Қолөнер» үйірмесіне барып, қызықты уақытт...

«Қазақтың ұлттық ойындары» атты өткізілген іс-шараның ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-21 16:04:13
«Қазақтың ұлттық ойындары» атты өткізілген іс-шараның  ақпары
«Балауса» сауықтыру лагері демалушылары арасында спорт жетекшісінің  ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық ойындары» тақырыбында жарыс өтті. Балалар 3 топқа бөлініп, «Теңге алу», «Бәйге», «Арқан тартыс» кезеңдері бойынша сайысқа түсті. Тәрбиелік мәні бар бұл сайыста балалар денесін шынықтырумен қоса, бойына ұлтымыздың да дәстүрін дарыта...

Нептун күні «Теңіз патшайымы» атты өткізілген іс-шараның ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-21 16:02:23
Нептун күні «Теңіз патшайымы» атты өткізілген іс-шараның  ақпары
  Маусымның 20-сы лицей алаңында тәрбиешілер М. С. Байтурганова  мен Г. М. Балғабайдың басқаруымен Нептун күні өтті. «Теңіз патшайымы»  ұсынған «Су тасушылар», «Кім жылдам?», «Мергендер», «Суда жүзушілер» тапсырмалары балалардың  қызығушылықпен арттыра алды. Оқушылар көтеріңкі көңіл-күймен қатысып, алған әсерлер...

«Саз әлемі» атты өткізілген іс-шара ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-21 15:58:19
«Саз әлемі» атты өткізілген іс-шара ақпары
Маусымның 19-ы күні музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен «Саз әлемі» атты бағдарлама өткізілді. 3 топқа бөліну арқылы бастау алған кеш «Аспаптар сыры», «Әуенді тап», «Жұлдыз болғым келеді», «Әуендер аралы»атты кезеңдердегі тапсырмалар арқылы жалғасты. Балалар әр тапсырманы асқан белсенділікпен орындады. Әділ қазылар топ мүшелерінің өнерл...

«Менің өмірімдегі ең қызықты күн» атты өткізілген іс-шараның ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-19 12:04:21
 «Менің өмірімдегі ең қызықты күн» атты өткізілген іс-шараның  ақпары
Маусым айының 18-і күні «Балауса»жазғы сауықтыру лагерінің демалушылары  «Микки Хаус» ойын-сауық орталығына серуендеп барды. Балалар орталықта әр түрлі танымдық, қозғалмалы ойындар ойнап, есте қаларлық ең қызықты күндерін өткізді. Сондай-ақ, лагерь демалушылары оқушылар сарайына барып, түрлі үйірмелерге қатысты. Би билеп, сурет салуды, мүсіндеуді үйрене отырып, өз өн...

«Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері»

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-15 12:32:45
«Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері»
15.06.2018 күні №4 мектептің 10 сынып оқушыларынан құралған «Акватика» еріктілер тобы лагерь демалушыларына келіп, кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында «Су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелері» жайлы бейне-жазба, ойын арқылы құнды мәліметтер ұсынды. Оқушылар кездесу соңында алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын суреттері арқылы жеткізді.

«Намыс дода» атты спорттық-эстафеталық сайыс

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-14 09:48:53
«Намыс дода» атты спорттық-эстафеталық сайыс
Маусым айының 12-сі күні балдырғандарға  салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Намыс дода» спорттық-эстафеталық сайысы өткізілді. Сайысқа «Тұлпар» және «Сұңқар» тобынан 15 баладан қатысты. екі топтың арасында өткізілді. Сайыс жекелей және командалық кезеңдерді құрады. Жекелей сында түрлі кедергілерден өтіп, үздік уақыт көрсеткішін көрсеткен балдырғ...

«Қош келдіңдер, балдырғандар!», екінші маусым

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-14 09:46:40
«Қош келдіңдер, балдырғандар!», екінші маусым
Мамыр айының 11-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысының екінші маусымын бастады. Лагердің бірінші күнінде «Қош келдіңдер, балдырғандар!» атты танысу кеші өтті. «Балауса» лагерінде демалушы балалармен лагерь қызметкерлері таныстырылды. Барлық топ балаларымен бірге лагерь ұраны мен әні орындалып,  әр топ өздерін таныстырып шықты. Осыдан кейін о...

«Қош бол, сүйікті лагерім!» атты І маусымның жабылу салтанатының ақпары

Дәреже: Көңілді жаз - 2018
Дата: 2018-06-09 10:01:29
«Қош бол, сүйікті  лагерім!» атты І маусымның жабылу салтанатының ақпары
Маусым айының 8-і күні «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің «Қош бол, сүйікті лагерім!» атты жабылу салтанаты өткізілді. Оқушылардың 10 күн бойы лагерден алған әсерлерін, өмірге деген көзқарастарын, тапқырлық өнерлерін түрлі өткізілген іс-шараларда байқалды. Мерекелік концертте әр  топпен түрлі ойындар ойнатылды. Салтанатты жиын балалардың  ән шырқауымен, би биле...

бiрiншiсi алдың. 1 2 соңғысы