Аристамбекова Перизат Қанатбекқызы

Дәреже: Officials
Аристамбекова Перизат Қанатбекқызы
Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша сектор меңгерушісі
 
Жалпы ережелері:
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша сектор меңгерушісі өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік қызмет жұмысын жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілерін, облыс, қала әкімінің шешімдерін, өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады;
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша сектор меңгерушісі өз жұмысын бөлім басшысының бекіткен және бөлімнің өз жоспарына сай белгілейді;
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша сектор меңгерушісі бөлім басшысына бағынады, бұйрықтар мен тапсырмалар қабылдайды;
- Қорғаншылық және қамқоршылық бойынша сектор меңгерушісі ҚР-ның заңдарына сәйкес қызметке алып және босатылады;
- Қорғаншылық және камқоршылық бойынша сектор меңгерушісі болмаған уакытында, оның міндеті бөлімнің кызметкерлеріне жүктеледі;
 
Міндеттері:
- Мемлекеттік қызметкерлер мәртебесіне сай Заң талаптарын сақтау;
- Мемлекеттік кызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің ережелерін, еңбек тәртібін сақтау;
- Өрт қауіпсіздігін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік мүліктің сакталуын қамтамасыз ету;
- Басқарушылар жарлығын, бұйрығы мен тапсырмаларын уақытылы әpi сапалы орындау;
- Заңмен қорғалатын мемлекеттік қызмет құпияларын кызметтен босатылғаннан кейін де сақтау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде құқықтық-нормативті актілер талаптарын катаң орындау;
- Іс-қағаздарын жүргізу нұсқаулығы мен ic номенклатурасын бекітілген мұрағат
ережелеріне сәйкес ic-қағаздарын жүргізу мен құжаттарды сақтаудың сапалы орындалуын қадағалау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде ақпараттар, есеп, анықтамалар, хат және өзге де құжаттар құрап дайындау;
- Компьютермен жұмыс істей білу;
- Жоғары тұрған, өзге ұйымдардан келген сауалдар мен бақылау тапсырмаларын уақытылы орындау;
Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде азаматтардың өтініші мен хаттарын қарастырып, уақытылы сапалы жауап беру;
Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде заңдар жинағы мен заң күшіндегі актілерді, нұсқаулық құжаттарды білу;
- Семинарлар, мәжілістер ұйымдастыруға қатысу, қаланың білім мекемелері басшыларына кеңес беру;
- Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, сонын ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайға душар болған балаларды немесе оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірер семьяда тұрып жатқан балаларды дер кезінде анықтау;
- Ата-аналық құқығынан айыру (шектеу) немесе қайыра құқығына ие болу, бала (ұл, қыз) асырап алу, баланы тартып алу. кәмелетке толмағандардың тұрғын уйін қайыру, ата-аналары бөлек тұратын ата-аналар арасындағы даулы мәселелерді шешу секілд1 сот отырыстарына қатысу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- Оқушылар, педагогтар мен білім беру мекемелері басшылары үшін құқықтық оқытуды ұйымдастыру;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру;
- Кәмелетке толмаған балаларға алыс, жақын шетелге, ТМД елдеріне тұрғылықты мекен-жай ауыстыруға рұқсат беру;
- Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес жұмыстарын ұйымдастырады;
- Азаматтарға жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.