Размер шрифта:

Айтжанова Бақыт Сүндетовна

Дәреже: Officials
Айтжанова Бақыт Сүндетовна
Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы
 
Жалпы ережелері:
- Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы өз жұмысында Қазакстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік қызмет жұмысын жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілерін, облыс, қала әкімінің шешімдері, өкімдерін, ішкі тәртіп ережелерін және осы лауазымдық нұсқауды басшылыққа алады;
- Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы өз жұмысын бөлім басшысының бекіткен және бөлімнің өз жоспарына сай белгілейді;
- Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы бөлім басшысына бағынады, бұйрықтар мен тапсырмалар қабылдайды;
- Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы ҚР-ның заңдарына сәйкес қызметке алып және босатылады;
- Қорғаншылық және қамқоршылық ұйымының бас маманы болмаған уақытында оның міндеті бөлімінің қызметкерлеріне жүктеледі.
 
Міндеттері:
- Мемлекеттік қызметкерлер мәртебесіне сай Заң талаптарын сактау;
- Мемлекеттік кызметшілерінің Ар-намыс Кодексінің ережелерін, еңбек тәртібін сақтау;
- Өрт кауіпсіздігін, техникалық қауіпсіздік ережелерін, мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
- Басшылар жарлығын, бұйрығы мен тапсырмаларын уақытылы әpi сапалы орындау;
- 3аңмен қорғалатын мемлекеттік, қызмет құпияларын қызметтен босатылғаннан кейін де сақтау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемде құқықтық-нормативті актілер талаптарын қатаң орындау;
- Іс-қағаздарын жүргізу нұсқаулығы мен ic номенклатурасын бекітілген мұрағат ережелеріне сәйкес ic-қағаздарын жүргізу мен құжаттарды сақтаудың сапалы орындалуын қадағалау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде ақпараттар, есеп, анықтамалар, хат және өзге де құжаттар құрап дайындау;
- Компьютер мен жұмыс істей білу;
- Жоғары тұрған, өзге ұйымдардан келген сауалнамалар мен бақылау тапсырмаларын уақытылы орындау;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде азаматтардың өтініші мен хаттарын қарастырып, уақытылы сапалы жауап беру;
- Өзіне тиесілі құзырлық көлемінде заңдар жинағы мен заң күшіндегі актілердің нұсқаулық құжаттарды білу;
- Семинарлар, мәжілістер ұйымдастыруға қатысу, қаланың білім мекемелері басшыларына кеңес беру.
- Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ата-анасының сырқаттылығы, ата-аналарының ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тартуы, сондай-ақ ата-аналардың қамқорлығы болмаған өзге де жағдайларда, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, өмірлік қиын жағдайға душар болған балаларды немесе оның денсаулығы мен өміріне қауіп төндірер семьяда тұрып жатқан балаларды дер кезінде анықтау;
- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толмаған балалараға қорғаншылық (қамқоршылық, патронат нысанындағы) тағайындау;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
- Мемлекеттік қызмет пен кадр мәселесіне қатысты ic-әрекетті жүргізеді;
- Қорғаншылық (қамқоршылық) кеңесі жұмысын ұйымдастырады жәнеөткізеді;
- Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бойынша статистика, есептер тапсырады;
- Азаматтарға жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді;
- Бақылау жасайтын мекемелері: Балалар үйі, Жасөспірімдер үйі.