Тарихшылар форумы

Тарихшылар форумы

         20.04  күні  № 16  лингвистикалық мектепте   қалалық   тарихшылар форумында Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей мұғалімдері  «Ұлт мәдениетінің көркем белгісі мен рухани байлығының айшықты белгісі аң стилі өнері"тақырыбында секциялық жұмыс көрсетті.Жұмыс барысында Аң стилінің қалыптасу тарихын, сақ мәдениетіндегі орнын және тарих сабағындағы мазмұнын  тарих пәні мұғалімі Досыбаев Н.К. айтып өтті. Бастауыш сынып пәндеріндегі аң стилі өнерін кіріктіріп оқыту тәсілдерін Алибекова Г.Е. мен Стамбекова Ш.Д. мұғалімдермен белсенді оқыту әдістерімен жұмыс жасай отырып, ұсынды. Халық өнерінің мәдени мұрасын насихаттауда көркем еңбек пәніндегі оқытылуы жайлы Усенова Т.О. өзінің және оқушылардың шығармашылық жұмыстарын таныстыра отырып тәжірибе бөлісті. Аң стилі өнерінің  көркем әдеби  шығармалардағы әсем сипатталуын  Сейткалиева М.Ж  көрсетіп, мұғалімдерге сандық білім ресустарын  сабақ барысында қалай қолдануға болатыны жайлы мазмұнды ақпарат беріп өтті. Секция жұмысын  модераторы  тарих пәні мұғалімі Каспакова Қ.А. жүргізді.  Форумға  Е.А Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің тарих ғылымдарының профессоры, «Тұлғатану» ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Н.А Бейсенбекова қатысып,  секция жұмысын жоғары бағалады.

Дата: 24.04.2019, 8:27 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі