Лицейімізде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға 4 апталық ас мәзірі енгізілді.

Лицейімізде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға 4 апталық ас мәзірі енгізілді.

Лицейімізде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруға 4 апталық ас мәзірі енгізілді.

          Мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту жүйесі ауруларының көбейгеніне назар аударған жөн. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 21,5 пайызы, яғни әрбір бесінші жас жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып отыр. Оның бәрі дұрыс тамақтанбағаннан туындап отырған мәселе екенін мамандар алға тартады.

           Осы оқу жылының 1 наурызынан бастап біздің лицейіміздің оқушыларына арналған тағам рационының бірыңғай стандарттарына сәйкес 4 апталық ас мәзірі бекітілді.

          Оқушылардың  дұрыс тамақтануы бойынша бірыңғай стандарт елімізде алғаш рет енгізіліп отыр. Төрт апталық мәзірді Қазақ тамақтану академиясы мен Ұлттық денсаулық орталығының мамандары бірлесе отырып, әзірлеген екен. Мәзірге азық-түліктердің барлық негізгі топтары қосылып, әр маусымға негізделген.

          Мәзірге жеке тоқталып өтсек, бал мен сүт аптасына екі рет, ірімшік, көкөністен жасалған салаттар – үш рет берілуге тиіс. Әр апта сайын, бейсенбі күндері – бөктірілген балық, котлет, тефтели. Түрлі көжелер күнделікті берілетін болады. Ал екінші тағам ретінде сиыр, тауық етінен жасалған тағамдар бекітілген.

          Тағам рационының бірыңғай стандарттары балалардың жас ерекшелігіне қарай үш топқа бөлінген: 7-10 жас аралығына – 840 килокалорий, 11-14 жас – 951 килокалорий, 15-18 жас – 1020 килокалорий.

Дата: 11.04.2019, 14:14 Автор: №2 Лицей