Пәндік апталықтар тәжірибе алмасу құралы.

Пәндік апталықтар   тәжірибе алмасу құралы.

Пәндік апталықтар   тәжірибе алмасу құралы.

11.03 күні лицейде «Жаратылыстану ғажайыптары» тақырыбында  георафия ,биология, физика , химия пәндері онкүндігі  өз жұмысын бастады. Әр пәннің өзіндік таңғажайып,  тылсым еркешеліктерін   ашатын   «Жаратылыстану ғажайыптары» атты стенд  жасалып онкүндіктің ашылу салтанаты болып өтті.  

12.03  күні  Жаратылыстану пәндері  онкүндігі аясында  биология пәнінен  Коккозова Н.А.  9-10  сыныптар арасында  «Биология білгірі» атты зияткерлік сайыс өткізді. Сайыс мақсаты оқушылардың  биология пәні бойынша танымдық қабылеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру .  Сайыс  4 кезеңнен тұрды. Оқушылар теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен ұштастырып, микроскоптық препараттармен жұмыс жасап, қан қысымын өлшеп, адам ағзасының моделін құрастырып,  интеллектуалды сұрақтарға жауап беріп қызықты тапсырмалар орындады. Сайыс соңында  І орын 10 А  сыныбының «Лидер» тобы , ІІ орын  9Б сыныбының   «Тұлпар» тобы,   ІІІ орынды  9В сыныбының « Самғау» тобы мараптталды.

Дата: 13.03.2019, 8:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі