Өзіңді тану- өмірді тану.

Өзіңді тану- өмірді тану.

«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі апталықтың  іс шарасы жалғасуда. “Досым, саған ақ тілгеім!” атты  тренингті  лицей психологы Толетаева А.А.10 сыныптармен өткізді. Тренингте  сынып оқушылары мейірімділік, адалдық, бірі- біріне деген қамқорлық туралы ойларын ашық айтып, ыстық ықыласты тілектерін  білдірді. Тренингте  белсенді оқыту әдіс- тәсілдері қолданылды.  «Біз өсіп жатқан өлке» тақырыбында сурет көрмесін 2-сыныптар  арасында Мусатева А.А көрсетті. Кішкентай суретшілер туған өлкесіне деген махаббатын әсем бояуларымен көмкеріп, салған суреттерін мазмұнды әңгімелеп берді. Байкулова К.М  6 сыныптарда  «Жаным толы жақсылық» атты тәрбие  сағатын  өткізді. Тәрбие сағаты оқушыларға өмір деген - дос жаранға қамқор болуды, сананы толтырған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыруды, өзгеге жақсылық тілеушісі болуды дәріптеді.

Дата: 11.02.2019, 16:31 Автор: №2 Лицей