«Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! » атты мерекелік кеш

 «Жасай бер,  жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!  » атты мерекелік кеш

«Жасай бер,  жаса, Тәуелсіз Қазақстаным! » атты мерекелік кеш  өткізілді. Қазақстан Республикасын  тұңғыш рет Тәуелсіз Ел ретінде әлемге әйгілеген тарихи күн  – 1991 жылдың 16 желтоқсаны. Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи  таңдаудың сарқылмас  құдіретін  жан жүрегімізбен түсінеміз. Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы- деген   жүргізушілердің    патриоттық   сезімге   толы   сөздерінен   кейін «Тәуелсіздік  жолында»  би  композициясы   көпшілік   көңілінен   шықты.  «Сенім»  көшбасшылары  орындаған  «Желтоқсан   қаһарманы»  Қайрат Рысқұлбеков  туралы  көрініс сол  қаһарлы  жылдарды

елестетсе,  көркемсөз  шеберлерінің  желтоқсан  туралы  өлеңдері  көрермендерді  поэзия   айдынында   сусындатты. 

Лицей  директоры  Қ.Т. Рахимберлинаның    құттықтау  сөзі,   еңбегі   еленген   ұстаздардың   марапаттарына   ұласты.

   Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары,  

 Ұлттық егемендігімізді ұлықтаған мерекелік іс-шара  соңы   өнерпаз  ұландардың    патриоттық   әндерімен   аяқталды.

Дата: 13.12.2018, 9:03 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі