Жарайсыңдар!

Жарайсыңдар!

Оның тағы бір айғағы,  29.11.2018 ж күні Қарағанды қаласында Жамбыл атындағы мектепте республикалық «Дарын» ғылыми конференциясының облыстық кезеңі өтті.  Қаламыздың мектептерінен жіберілген жобалардың ішінен 4 жоба, 3 жоба лицейден және 1 жоба №8 мектептен өткен болатын.

       Аталған конференцияға лицейміздің 11 сынып оқушысы Бекенов Аслан, 10 сынып оқушысы Райс Алуа өздерінің физика секциясындағы  «Қорытпа металдарды лазерлік дәнекерлеу»  тақырыбындағы жобасын (ғылыми жетекшісі: Макенбаева Г.Ж), 10 сынып оқушысы Зәрубек Зарина  қазақ тілі мен әдебиеті секциясында «Рухани жаңғыру: Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмаларындағы тарихи шындық» тақырыбындағы жобасын (ғылыми жетекшісі: Балтабай А.С), 9А сынып оқушысы Тоғайбай Нұрзат ағылшын тілі секциясында  «Сөздік қорды дамыту үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фразиологизмдердің қолданысы» тақырыбындағы жобасын (ғылыми жетекшісі: Төленді Н.Р) қорғады. Нәтижесінде 2 оқушы Зәрубек Зарина, Тоғайбай Нұрзат Алғыс хатқа және Бекенов Аслан, Райс Алуа ІІІ дәрежелі дипломмен республикалық кезеңге өту үшін тестілеуге жолдама алды. Осы екі оқушымыз 14.12.18 ж. күні Қарағанды қаласында өтетін тестілеуге қатысады, нәтижесі бойынша республикалық кезеңге жолдама алуға мүмкіндік алады. Лицейіміз 3 жыл қатарынан ҚарМУ-мен келісім шарт аясында жұмыс жасап келеді, оқушыларымызды пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға дайындауда, ғылыми кеңесші ретінде осы ҚарМУ-нің жоғарғы санаттағы оқытушылары сабақ береді. Республикалық кезеңге өту үшін тестілеуге жолдама алып отырған оқушыларымыздың жобасынаҚарМУ-нің физико-математикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Лауринас Витаутас Чесловасович ғылыми кеңесшілік жасады. Оқушыларымызға және ғылыми кеңесшісі Лауринас В.Ч., ғылыми жетекшісі Макенбаева Г.Ж. алғысымызды білдіре отырып, сәттілік тілейміз!

Шармуханбетова Ж.А. – директордың БІЖО

Дата: 6.12.2018, 10:44 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі