«Ауылдағы 2 апта», «Ата-анамның жұмысындағы 10 күнім» әлеуметтік жобасы

Басты мақсаты – ауыл өмірімен танысу арқылы оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіру, ауылдағы үлкендердің өнегелі әңгімесін тыңдау, құрбы-құрдастарымен араласу. Жоба аясында ауылдағы ата-әжесіне немесе ауылдағы туысқандарына барып, ауыл өмірімен танысып , күнделік жүргізіп фото және видео материалдар жинақтайды.

Жобаға барлығы 27 оқушы  қатысты. Оқушылар күзгі демалыс кезінде  ауылда өткізген күндерін және ата-анасының жұмыс орнына барып танысқандықтарын қызықты баяндады. «Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жоба нәтижесінің қорытындысы бойынша 8А сынып оқушысы Қыдыргелді Қызғалдақ І орын, ІІ орын 6В сынып оқушысы Ергали Әбілхайыр мен 6Б сынып оқушысы Адалбекқызы Кәусәр, ІІІ орынды 7В сынып оқушысы Аманболды Күміс пен 5Ә сынып оқушысы Өміржанқызы Аружан жеңіп алды. «Ата-анамның жұмысындағы 10 күнім» әлеуметтік жоба нәтижесінің қорытындысы бойынша І орын 7В сынып оқушысы Кажкерова Алма, ІІ орын 5А сынып оқушысы Абзалбекова Мархаббат және 8Ә сынып оқушысы Рамазанова Толғанай, ІІІ орынды 2Б сынып оқушысы Мейіржан Қабылиса мен 6Ә сынып оқушысы Қаскенова Мадина жеңіп алды.  Жобаға қатысқан оқушыларға сертификаттар, мадақтамалар, жеңімпаздарға дипломдар берілді.

Дата: 22.11.2018, 13:42 Автор: Школа-лицей №2 имени Абая