«Жаңартылған білім беру бағдарламасына жаңаша көзқарас» тақырыбында әдістемелік күн

«Жаңартылған білім беру бағдарламасына жаңаша көзқарас»  тақырыбында әдістемелік  күн

«Сапалы білім беру аспектілері» тақырыбында ДӘІЖО Жақсыгелдина Ш.Т.  ұйымдастыруымен  әдістемелік отырыс өтті. Биология пәні мұғалімі  Садыканова Б.Ж  және  ағылшын тілі мұғалімі Жолдангарова П.М. «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері»  тақырыбында сонымен бірге «Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану сапалы білім берудің негізі» тақырыбын   технология пәні мұғалімі Усенова Т.О мен география пәні мұғалімі Тускеева А.М. өз тәжірибелерін ортаға сала отырып,   мұғалімдермен топтық жұмыстар жасап замануй сабақтардың ерекшелегін көрсетті. «Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбын директордың БІЖО Шармуханбетова Ж.А. ашты. Пән мұғалімдерінің әдістемелік жинақтары мен құралдары «Әдістемелік зертхана» көрмесіне  қойылды.

Дата: 5.11.2018, 9:23 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі