«Алтын сақа» зияткерлік сайысы

«Алтын сақа» зияткерлік сайысы

Сайыс мақсаты оқушылардың  танымдық   дағдыларын дамыту.  «Алтын сақа» зияткерлік сайысына барлығы 5-6 сыныптар арасынан құралған «Жас қыран», «Қыран», «Жас жұлдыз», «Тұлпар» атты төрт топ қатысты. Әр топта үш оқушыдан болды. Сайыс ІІ кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде оқушылар «Туған өлкем», «Менің сүікті Отаным», «Салт- дәстүр» деген тақырыптар бойынша ұяшықта жасырынған сұрақтарға жауап берді. Жүзден жүйрік болып, ерекше білімдерін көрсеткен  6 А сыныбының  «Жас жұлдыз» тобы 1 орынды жеңіп алды. «Алтын сақа» ойынын ұйымдастырушы   география пәні мұғалімі Тускеева А.М. және дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахмет З.Ә. Жарысқа түскен топтар  арнаулы  дипломдарымен марапаттады.

Дата: 18.10.2018, 14:17 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі