«Мал язык, да велик...» тақырыбында шет тіл пәні бірлестігінің онкүндігі

«Мал язык, да велик...» тақырыбында шет тіл пәні  бірлестігінің онкүндігі

01.10  күнінен бастап лицейде «Мал язык, да велик...» тақырыбында шет тіл пәні  бірлестігінің онкүндігі жұмысын бастады.  Онкүндіктің салатанатты ашылуы 6-7  сынып оқушыларының үгіт насихат тобының  ұйымдаструымен өтті. Жаңа форматтағы мазмұнды сабақтарды Мусина С.М. 5 А, Пиримбетова Н.К   10 А және  Касылкаримова Р.М.  2 А сыныбында  көрсетті. Орыс тілі пәні бойынша Ашимкулова А.К.  Байкулова К.М. түрлі  оқытудағы белсенді әдіс тәсілдерді,  қалыптастырушы бағалау әдістерін  қолдана отырып, мазмұны терең сабақ өткізді. Онкүндік жоспарында оқушылармен  сыныптан тыс  іс шаралары жүргізіліді. Зияткерлік сайыс «Лидер ХХІ века»  Сардарбекова Г.Р.  және Станова С.Р. «Чтение Абая»  тақырыбында ұлы  ақынның өлең жолдарын үш тілде айту конкурсын ұйымдастырды.  Үштұғырлы тіл өмірдің қажеттілігі, шет тілдер онкүндігі іс шаралары жалғасуда.  

Дата: 10.10.2018, 18:23 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі