«Кемел сөздің кеніші-Мұхтар аға»

«Кемел сөздің кеніші-Мұхтар аға»

28.09. 2018 күні Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты игілікке бастайтын бағдарламасы және лицейдің «Абай -руханияттың алтын қазығы» атты рухани танымдық жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің туған күніне арналған «Кемел сөздің кеніші-Мұхтар аға» атты танымдық іс шара өтті. Іс-шара барысында тағылымды ойлар, М.Әуезовтің ғұмырынан сыр шертетін естеліктер мен шығармалары туралы тағылымды пікірлермен ой бөлісті. 9-сынып оқушылары М.Әуезовтің шығармалары туралы терең ой мен тағылымды таным негізінде даналық ой айтып, кездесу барысында қалалық «Пульс» газетінің тілшісі Қуандық Сәденов оқушылармен танымдық пікірлерін бөлісіп, Мұрат Әуезовтің қолтаңбасы қойылған кітапты лицейдің Абайтану залына сыйға тартты. Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер М.Әуезов – тек сiз бен бiздiң ғана емес, әлi дүниеге келмеген жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игiлiгi, өлшеусiз бақыты екендігін ескере отырып, тағылымды ойдан маржан терген оқушылар  тағылымды кештен өнеге алды.

Дата: 1.10.2018, 9:02 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі