«100 кітап аллеясы» атты қалалық акциясының ашылу салтанаты.

«100 кітап аллеясы» атты қалалық акциясының ашылу салтанаты.

«100 кітап аллеясы» атты қалалық акциясының ашылу салтанаты. Жастардың, сонымен қатар жалпы қоғам назарын кітап оқуға, адамның жеке тұлғасын қалыптастырудағы кітаптың рөліне аудару мақсатында қолға алынған аталмыш шараға жалпы қала мектептері, білім бөлімінің мамандары қатысып, ат салысты. 15 қыркүйекте «Кітап оқуға шақырамыз!» үндеуімен бастау алған «100 кітап аллеясы» жыл бойы жалғасын таппақ. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала ұлағаттары» кітабында «Елімізге бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егемен елге аянбай қызмет ететін, ой-өрісі кең, алғыр да жүректі, сауатты да саламатты азаматтар қажет» деген. Сондай азаматтарды тәрбиелейтін, көркем әдебиетті қызыға оқитын оқырман аудиториясын қалыптастырамыз деген мақсаттарыңызға Ақ жол, құрметті кітапханашылар.

Дата: 16.09.2018, 23:10 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі