«Даламыздың дүлділі, әннің бұлбұлы Ақан сері» атты әдеби – сазды музыкалық кеш

«Балқаш қаласы Абай атындағы  № 2 лицей» КММ«Қазақтың 100 әні» жобасы  аясында қыркүйектің 14-жұлдызында  «Даламыздың дүлділі, әннің бұлбұлы Ақан  сері»  атты  әдеби – сазды  музыкалық  кеш өтті

Кештің мақсаты:   Сазды кеште Ақан серінің әндерін, мол мұрасын насихаттау.

Кеште Ақан серінің жырлары мен әндері шырқалды. Сазды кеште Ақан серінің әндерінен «Қараторғай» және « Сырымбет» әнін көркемдік жетекші Өмірхан Әділет орындаса, «Балқадиша» «Маңмаңгер» әндерін жас әншілер нақышына келтіріп көрерменге тарту етті.

Бұл жобаның жетекшісі: Ж.Е.Еркинова.

Дата: 16.09.2018, 23:08 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі