Жас мамандарға араналған іс шара.

16.09. күні лицейде жаңа яғни 2018-2019 оқу жылында ұстаздар қатарына қосылған жас мамандардаға «Мен сабаққа барамын....» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс шараның мақсаты ұстаздық кәсіпке келген жас мамандардың педагогикалық мәдениетін қалыптастыру. Дөңгелек үстел барысында «Сабақтың құрылымы», «Сабақтың ерекшелігі» және «Заманауи сабақ қандай болу керек?» деген тақырыпта ой қозғалып, презентация, видеороликтер көрсетілді. «Жас мамандарға кеңес» «Педагогикалық мәдениет» кітапшалары таратылып берілді. «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деген ұлы жазушы Ж. Аймауытовтың сөзімен жас мамандарға арналған іс шара қорытындыланды. Іс шараны ұйымдастырған ДӘІЖО Ш.Т. Жаксыгелдина .

Дата: 16.09.2018, 23:03 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі