Сәт сапар жас түлек!

Сәт сапар жас түлек!

15.06.2018ж. күні лицейіміздің 11 сынып оқушыларына аттестат тапсыру салтанатты кеші өтті. Бұл кеш жас түлектеріміздің жүректерінде мәңгі сақталып, үлкен өмірге деген үкілеген үмітпен аттанатын маңызды қадам. Рухани жаңғыру бағдарламасының маңызды тетіктерінің бірі ұрпақ бойынан ұлтжандылықты сіңіру десек, лицей қабырғасынан түлеп ұшқан жастарымыздың ұстанымы Мәңгілік ел болатынына сеніміміз мол. Салтанатты кеште мектеп бітірушілерге өмірге берілетін жолдама аттестат тапсырылды. Лицей мерейін үстемдеткен оқушыларымыз «Алтын белгі» иегерлері: Матышева Аяулым, Марксова Гүлімжан және Кәрібек Орал, ал «Үздік аттестат» иесі Рамазанов Диас атанды. Оқу-тәрбие ісіндегі жетістіктері үшін барша оқушыларымыз мақтау грамоталарымен марапатталды. Бұл кеште түлектер лицей ұстаздарымен жылы лебіздерін, қимастық сезімдерін білдіре отырып қоштасты. Түлектерімізге ақ жол тілейміз!

Дата: 16.06.2018, 9:21 Автор: №2 Лицей