4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым  - Мемлекеттік рәміздер күні

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді».

Нұрсұлтан Назарбаев

                   «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

          Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Сол себепті, оқушыларымыздың бойына еліне, жеріне деген ұлтжандылық сезімді ұялату мақсатында лицейімізде бірнеше іс-шаралар жоспарланып, жүргізілді.

          Лицей жанынан құрылған «Нұрбөбек» шағын орталығында «Мемлекеттік рәміздер» тақырыпта, жазғы демалыс қызметкерлері ұйымдастырған «Мақтанышым  рәміздерім», лицейіміздің акт залында «Рәміздерді құрметтеу-халықты құрметтеу!» атты тақырыптармен шаралар өткізіліп, «Тәуелсіз елдің тұмары – Мемлекеттік рәміздер» атты кітап көрмесі қойылды. Іс-шаралар аясында оқушыларымызға сұрақтар қойылып, рәміздерімізге деген құрмет, еліне деген мақтаныш сезімдері сараланды. 

Дата: 5.06.2018, 16:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі