31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту» күніне арналған танымдық кештің өтілуіне байланысты ақпар

31-мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын аза тұту»  күніне арналған танымдық  кештің өтілуіне байланысты ақпар

   Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде  мамыр айының 30-шы жұлдызында  «Ашаршылық пен қуғын-сүргін тарихтың жан ауыртар ақиқаты»   атты   танымдық кеш өтті.

 Мақсаты:Оқушыларға саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. -  Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың  жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау.

  • Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының ұлт- зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу.

     Кеш барысында Лицей директоры Рахимберлина Қ.Т  сөз алып, 1 мин үнсіздік  жариялады.

Тарих пәні мұғалімі  Касенова Алмара Бизаққызы - ХХ  ғасырдағы саяси қуғын-сүргін- мындаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына айналған тарихымыздағы ұлы азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау жайлы  баяндама  оқыды. Сонымен қатар лицейіміздің оқушылары да , атап айтсақ  10А сынып оқушысы  Аманболды Алтын және  8А сынып оқушысы Қайыржан Диас кітап беттерінен үзінді оқып, оқушыларға қазақ мәдениеті мен ғылымына ағарту саласына еңбегі сіңген   зиялы  өкілдері:Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов,Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев  сынды қуғын-сүргін құрбандары туралы бейнефильм көрсетілді.

Кешіміздің қонағы  лицейіміздің ардагер ұстазы, тарих пәні мұғалімі:Әйкеш Гүлнар Мұсылманбекқызы оқушыларға  өзінің  жинақтаған кітаптарымен, баспасөз материалдарымен бөлісе отырып, Қазақстанда қуғын-сүргін жылдарында 103 мың адам саяси қудалауға  ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген, қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылғандығын айтып берді.Сонымен қатар , өлкеміздің көше атауларына байланысты мәлімет берді.Өлкеміздің зұлмат жылдарына байланысты  көз көргендердің деректерінен үзінді келтіре отырып, келешек ұрпақтың есінде мәңгі қалатындай етіп, оқушыларға көп мағлұмат берілді.

Дата: 31.05.2018, 9:01 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі