Дарындылар шеруі

Дарындылар шеруі

 

        21.05.2018 ж. күні лицедің акт залында жыл қортындысы бойынша әр түрлі пәндік олимпиадалар, зияткерлік орындар, ғылыми жобалар, спорттық ойындар, өнер бойынша жоғары нәтие көрсеткен дарынды оқушыларымызды марапаттау үшін дәстүрлі «Дарынды бала – ел болашағы» атты дарындылар шеруі өтті.

        Шеру лицей директоры Рахимберлина Қ.Т. алғыс сөзімен ашылды. Лицей директоры өз сөзінде бүгінгі іс-шараның маңыздылығы, лицейдің биылғы оқу жылындағы үлкен жетістіктерін айта отырып келген қонақтарға,  ата-аналарға, мұғалімдерге алғыс білдірді. Шеру қонақтары, ҚР оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, Кеңестер одағының үздік қызметкері, қаламыздың Құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Қағазбеков Қасымжан Қағазбековтың жұбайы, ардагер ұстаз:  Қағазбекова Зейнел Смағұлқызы, өлкетанушы, Қазақстан республикасының журналистер одағы мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Сардарбек Күлаш Ыбыжанқызы, ҚР Ағарту ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төсбелгінің иегері, ардагер ұстаз Дарибек Күлшара Дарибекқызы биылғы оқу жылының математика, физика, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша жоғары нәтиже көрсеткен дарынды оқушыларға

Физика пәні бойынша 7 оқушыға ҚР оқу-ағарту ісінің үздік қызметкері, Кеңестер одағының үздік қызметкері, қаламыздың Құрметті азаматы, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері Қағазбеков Қасымжан Қағазбеков атындағы Атаулы сыйақы, математика пәні бойынша 12 оқушыға  «Аға мұғалім», «Қазақ КСР-і халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгілерінің иегері, математик Сардарбеков Тұрсынбек Ыбыжанұлы атындағы Атаулы сыйақы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 7 оқушыға ҚР Ағарту

ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин медалінің иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің майталманы Дәрібек Күлшара Дәрібекқызы  атындағы Атаулы сыйақы табыстады.

Сонымен бірге жыл бойғы жетістіктері бойынша тағы 10 оқушы лицей директорының және «Кемел education center» білім ортылығының директоры Мәсәлім Тілек Қайырқанұлының сыйақысымен марапатталды.

   Лицейдің «Жыл оқушысы – 2018» (Рамзанов Диас -11Б), «Әр сыныптың жыл оқушысы -2018» иегерлері (1-11 сыныптар арасынан 39 оқушы), «Лицейді әлемге танытқан түлек -2018» (Матишева Аяулым 11А), «Олимп жұлдыздары -2018» (Советова Эльдана -10, Есангалиева Назым – 10, Марат Ильяс -10), «Жыл әншісі -2018» (Шайхов Айдар), «Жыл спортшысы -2018» (Кенжеханова Аяулым) номинациялары бойынша оқушыларымыз марапатталды.

      Дарынды оқушыларымызға саналы тәрбие мен сапалы білім беріп жүрген біраз мұғалімдерге лицей директоры Алғыс хатпен марапаттады.

«Зерде» ОҒҚ тілшісі Бағдаулет Әйгерім – 10 сынып

Дата: 23.05.2018, 9:39 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі