Жас келсе, іске!

Жас келсе, іске!

       Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу, заманауй форматтағы педагог тұлғасын қалыптастыруда әдістемелік шеберлігіне қолдау көрсету мақсатында лицейде 19.05.  күні «Үздік жас  маман -2018 ж» атты  осы оқу жылында еңбек жолын ұстаздықтан бастаған жас педагогтардың сайысы өтті. Сайысқа жігерлі, батыл, іздемпаз ағылшын тілі мұғалімдері:   Төленді Н.Р,    Касылкаримова Р.М,  Мұқатай А.А., және математика пәні мұғалімі  Мырзабек Д.В  қатысты.  Сайыс 3 кезеңге бөлінді. І кезең «Мен ұстазбын»  жас маманның ұстаздық мамандықтың  ұлылығын түсінуі және осы мамандықты таңдау себебін ашу болды. ІІ кезең «Педагогикалық лабиринт»  яғни  ұстаздардың педагогикалық жағдаяттардан шығу шеберлігі сыналды. ІІІ кезең «Менің әдістемелік зертханам»  ұстаздың осы аралықтағы әдістемелік жинақтары, әдіс тәсілдерінің қолданысы туралы жеткізе білуі болды. Осындай қызықты тарыста өз шеберлігімен  ағылышын тілі пәні мұғалімі  Төленді Н.Р.  ерекшеленіп «Үздік жас маман» номинациясын жеңіп алды. Жас мамандарға және қатысушы мұғалімдерге арнап ән шашу айтылды. Іс шараға лицей директоры Рахимберлина Қ.Т, тәжірибелі ұстаз Мұқамеди Р.С. төрелік етті. Іс шараны ұйымдастырушы,  директордың ӘІЖО Жақсыгелдина Ш.Т.

Дата: 22.05.2018, 8:51 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі