«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен суреттер мен презентациялар байқауы

«Қауіпсіз интернет» тақырыбында өткен суреттер мен презентациялар байқауы

03.05.2018 информатика пәнінің мұғалімі Искакова Г. Б жетекшілігімен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын  анықтау мақсатында  «Қауіпсіз интернет» тақырыбы  аясында  5-6  сынып оқушылар арасында сурет салу, қорғау презентация қорғау байқауы өтті. Байқауға 30 оқушы қатысты. Оқушылардың барлығы қызығушылықпен, ынтамен атсалысты. Қатысушылар жұмыстары санының көптігіне орай байқаудың шарты бойынша ең жақсы жұмыстар іріктеліп алынды. Байқауға қатысушы  оқушылардың жұмыстары І, ІІ, ІІІ  орындарға ие болды. Қорытынды бойынша  І орынды   Жумадилова  Зере 5 «А», ІІ орынды Қаратас Даниал 5 «А», ІІІ орынды Ибыш Арнұр 5 «В» сынып оқушылары  сурет байқауы бойынша  орындырға ие болды. Тілеубай Аслан 6 «В» презентация қорғау сайысында І орынға, Папова Динара  6 «А» ІІ орынға , Аукенова Алиша 6 «Ә» ІІІ орынға ие болды. Оқушыларды марапаттап болған соң информатика мұғалімі Искакова Г.Б қосымша мәліметтер айтып байқауды аяқтады.        

Дата: 5.05.2018, 8:47 Автор: №2 Лицей