«Қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел

«Қауіпсіз интернет» атты дөңгелек үстел

     02.05.2018 жылы   Балқаш қаласы №2 Абай атындағы лицейде Тарих пәні мұғалімі Касенова А.Б  ұйымдастыруымен  «Қауіпсіз интернет» атты   дөңгелек үстел өтті. Мақсаты – кәмелетке толмағандардың,  педагогтар мен ата-аналардың назарына агрессивті Интернет мазмұнының әсері проблемасын түсіну, оқушыларға деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жеткізу. Сонымен қатар  , оқушыларға  Интернет ресурстарын қолданудың жауапкершілігін  арттыру мақсатында мағмұматтар берілді.

    9 А және 9 Б сынып оқушылары «Интернет дегеніміз не?», «Қауіпсіз интернет» еліне саяхат», «Пайдалы және қауіпсіз интернет», «Балаларға балалық шақтан бастап қауіпсіз интернет қажет», «Интернет және біз» деген сұрақтар аясында  өздерінің ашық ойларын ортаға салды. Атап айтсам, Зарубек Зарина, Мұрат Нұрайым, Рымкулова Назерке  және Малгаждар Азат сынды оқушылар  әр түрлі сұрақ-жауаптар қоя отырып,  белсенді қатысты.

Қорытындылай келе, Әлеуметтік желілер туралы  әртүрлі  ақпараттар,  оның балаға қаншалықты зияны мен пайдасы , баланың ғаламтордағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ  ғаламторда  ұнамсыз ақпараттар кездестірген жағдайда не істеу керектігі жайында  көптеген ойлар қозғалды.Қазіргі таңда ғаламтордың көзінен әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін!

                                                          Дайындаған: Касенова А.Б.

Дата: 3.05.2018, 8:47 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі