Мектеп күні 2018

Мектеп күні 2018

17.04.2018 ж. күні лицейімізде Мектеп күнінің екінші кезеңі жоспарға сай өтті. Оқу-тәрбие бағытындағы жұмыстардың жетістіктері төрт бөліммен қамтылып, қала мектептеріне ұсынылды. Атап айтсақ, бірінші бөлімде Бұқар жырау  Қалқаманұлының  350 жылдығына орай Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясынан алынған «Ұлы бабалар арманы» атты сахналық қойылым   көрсетілді. Тарихи-танымдық маңызы зор шығарманы сахналауда ұстаздардың шеберліктері мен терең білімдерінің ұштасқаны айқын көрініс тапты.Екінші бөлімде «JAS SARBAZ»  әскери - патриоттық  бөлімде АӘД пәнінің мұғалімі Мұхтар Сатиевтің және сынып жетекшісі Айсұлу Толетаеваның жетекшілігімен сыныптан тыс оқушылардың әскери дайындықтарын шыңдайтын жарыс өткізілді. Үшінші бөлімде қала мектептері 4-қабатта Астананың  20 жылдығына арналған «Астананы асқақтатқан 20 жыл» атты тәрбиелік іс-шараның куәсі болды.Төртінші бөлімде «Өрле,  Қазақстан!» атты концерт бағдарламаның аясында оқушыларымыз бен ұстаздарымыз өнер көрсетіп, рухани жаңғыру бағдарламасының талаптарын жан-жақты қамтып, мағынасын толық ашты.

Дата: 20.04.2018, 20:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі