Қалалық математика апталығының негізінде өткізілген іс шаралар жөніндегі ақпарат

Қалалық математика апталығының негізінде өткізілген іс шаралар жөніндегі ақпарат

«Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ-де  03.04. күні  қалалық математика  апталығы   аясында  лицейде «Қызықты математика» тақырыбында апталықтың  іс -шаралар жоспары жасалып бекітілді.  03.04 күні «Математика - ғылымдар патшасы» атты танымдық стенд жасалып, апталықтың ашылу жиыны өтті. Математика мұғалімі Иманбекова Б.Б.  лицей оқушыларына математика ғалымдары туралы мәліметтермен таныстырып, қызықты логикалық есептер шығару дағдыларын дамытуға шақырды. «Математикалық таңғажайыптар алаңы»  тақырыбында зиякерлік сайыс Мырзабек Д.В. Иманбекова Б.Б. ұйымдастыруымен 06.04 күні  7-8 сыныптар арасында өткізілді. Сайыста оқушылар  4 кезең «Сен білесің бе?» «Шытырман есептер» «Математиканың ғажайыбы» «Үй тапсырмасы» бойынша білім таразасына түсті. Сайысқа «Пифогор» 7 Б-8Б сыныбы, «Логика»  8А-7В және «Теңдеулер» 7А-8В сыныптарынан құралған топтар қатысты. Оқушылардың математикалық танымдық дағдыларын дамытуға ұйымдастырылған сайыс өте тартымды қызықты өтті.  Лицей оқушылары  05. 04 күні № 9 мектепте өткен қалалық  7 сынып оқушылар арасындағы «Математикадан ауызша» олимпиадасына қатысып жүлделі  І  орынмен Рахман Е. Марапатталды, пән мұғалімі Әлжан Б.Т. 06.04-10.04 аралығында 8-10 сыныптар бойынша  «Геометриялық фигуралар құпиясы» атты қабырға газеттер конкурсын бірлестік жетекшісі Әлжан Б.Т. ұйымдастырды. Геометриялық фигуралардың ерекшелігін  мазмұнды аша білген 8Б, 9А, 10А, 8В  сыныптары марапатталды. «Математика ғылымы» тақырыбында видеофильмдер жинағының конкурсын  6-7 сыныптар аралығында  Искакова Г.Б. ұйымдастыруымен өткізілді.Өте тартымды, қызықты видеофильмді «Сенің миың қанша пайыз жұмыс жасайды» атты  6 В сыныбының оқушысы Абдуразахова Ж. ұсынып, көрермендердің ұпайын жеңіп алды. 07.04 күні өткен қалалық математикалық танымдық командалық сайыста лицейдің 8-10 сынып оқушыларынан құралған  командасы жеңіске жетті.Команданы тәжірибелі ұстаз математика пәні мұғалімі Алибиева А.Б мен  Иманабекова Б.Б дайындады.  13.04 күні жас маман Мырзабек Д.В  қала математиктеріне «Мәтіндік есетер шығару»  тақырыбында 5Б сыныбында  жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  ашық сабақ өткізіп, тәжірибесін шыңдады. Сабақ барысында оқушылардың ойлау дағдыларын  саралайтын Блум таксономиясы негізге алынып, оқушы белсенділігін арттыратын  әдіс тәсілдер  қолданылды. Үштілде оқыту бағыты да қатар жүргізіліп оқушылар математикалық терминдерді атап отырды.Білім қазығы болып табылатын сандық білім ресустары да қолданылып оқушылардың логикалық есептерді жылдам ойлап  шығаруына ықпал етті.

Дата: 16.04.2018, 9:45 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі