Қалалық математика апталағы

Қалалық математика апталағы

     13.04. күні  лицейдегі  жас маман математика пәні мұғалімі  Мырзабек Д.В.  қала математиктеріне «Мәтіндік есетер шығару»  тақырыбында 5Б сыныбында  жаңартылған білім бағдарламасы бойынша  ашық сабақ өткізіп, тәжірибесін шыңдады. Сабақ барысында оқушылардың ойлау дағдыларын  саралайтын Блум таксономиясы негізге алынып, оқушы белсенділігін арттыратын  әдіс тәсілдер  қолданылды. Үштілде оқыту бағыты да қатар жүргізіліп оқушылар математикалық терминдерді атап отырды.Білім қазығы болып табылатын сандық білім ресустары да қолданылып оқушылардың логикалық есептерді жылдам ойлап  шығаруына ықпал етті.

Дата: 16.04.2018, 9:34 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі