«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат

«Өмірге ИЯ деп айт!» республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілген «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат

Ақпаратты саралап, тиімді қолдана білу, сонымен қатар ғаламторды дұрыс пайдалану, пайдасы мен зияны жайлы жан-жақты талдап, оқушыларымызға түсіндіру мақсатында 8 А сынып оқушыларына кітапханашының ұйымдастыруымен «Ғаламтор және біз» атты ақпараттық сағат өткізілді. Еліміздегі ғаламтор пайдаланушыларының статистикалық мәліметтерінен бейнебаян көрсетіліп, оқушылардан алынған сауалнаманы саралай отырып, компьютерлік сауаттылықтарын білу мақсатында сөзжұмбақ шешу, ұялы телефонды дұрыс қолдану, «Time management» сияқты түсініктерден ақпарат берілді. Ғаламтор, әлеуметтік желілер туралы оқушыларымыз өз ойларымен бөлісіп, әр нәрсенің өлшемі мен шегі болатынын, ғаламторды тек тиімді әрі ұтымды қолдана білу керек екенін ортаға салды.

                           Орындаған: Х.Булганбай, кітапханашы.

Дата: 6.03.2018, 10:29 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі