Бейімделу кезеңіндегі соматикалық аурулардың себебі неде?

    Біріншіден, бейімделу кезеңінде балада қоршаған орта ықпалына деген сезімталдық  пайда болады. Екіншіден, «ауруға кету» кез-келген ағзаның баланың да, ересектің де, қорғаныш реакциясы болып табылады.Баланың қорғаныш күштерін барынша жұмылдыруды талап ететін жағдайда үнемі болуы , өзін-өзі реттеудің жаңа механизімін қалыптастыруға арналған мүмкіндік бермейді.

     Баланың балабақшаға баруы  үшін бірінші  кезекте ата-аналары  дайын  болуы керек. Жан күйзелісі, туған баласын  бөтен  жандардың қолына берудің жазықтылық  сезімі,  ата-аналардың баланың  балабақшаға баратын  кезі келді немесе  әлі күту керек пе деген үйдегі дау-дамайы, тек баланың ғана емес, сонымен  қатар ата-ананың  да көңіл жайлылығына нұқсан  келтіреді.

       Бала бейімділігінің сипаты көбіне,  ата-ананың  балабақша туралы не айтатындықтарына байланысты болады. Балада  балабақшаға баруға деген  жағымды қарым-қатынасты, сондай-ақ  бала  балабақшаға  келген кезде кездесетін  адекватты  ұғымды  қалыптастыру  керек.

 Бейімделу  кезеңіндегі  дұрыс  ұйымдастырылған  тамақтану ,  бұл  күрделі  үдерістің  жақсы  өтуінің  маңызды  шарты  болып  табылады.

      Баланы  балабақшадан алып кетерде,  оның  қандай  ақылды  екенін,  оның балабақшаға  барып  жүргендігін  ата-анасы қалай  мақтан тұтатындықтарын міндетті  түрде  атап  өту керек. 

Дата: 7.10.2016, 5:35 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»