Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!

Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз!

Наурыз-көнеден келе жатқан мереке. Бұл үлкен мерекеден «Жұлдыз» балабақшасыда шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшада атап өтудегі басты мақсат салт-дәстүр мен Наурыз мейрамының құндылықтарын дәріптеу болды. Іс-шара барысында Наурыз мерекесіне арналған ұлттықнақыштағы бейнеленген киіз үйдің ішінде қазақтың кебежесін, ыдыс-аяқтарын қойып безендіріп, ақ дастархан жайып әр топ ауыл ауыл болып бөлінді. Әр ауыл мерекеге арнап ән салып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, өз өнерлерін ортаға салды. Мерекеге Қыдыр ата мен Ақ жаулықты әже қонаққа келіп, балалардың өнерін тамашалады. Әжеміз жеті түрлі дәм салып дайындаған көжесін таратып, Қыдыр ата бата берді.

Дата: 2.04.2019, 12:11 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»