8 Наурыз - аналар мерекесі

8 Наурыз - аналар мерекесі

Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі - 8 Наурыз аналар күні мейрамымен шын жүректен «Жұлдыз»балабақшасының бүлдіршіндері аналарын,әжелерін құттықтап ертеңгіліктер өткізді.Бұл мереке ана қуанышы,әр отбасының,Отаның мерейі.Ертенгіліктер барысында ертегі кейіпкерлері қонаққа келіп,балаларға түрлі ойындарын,сиқырларын ала келіпті.Бүлдіршіндер анаға деген ыстық ықыласын әнмен өрнектеп,өлеңмен жеткізіп,жырдан шашу шашты,қонақтарға өздері жасаған гүлдерін сыйға тартты.Аналар шатық пен қуанышқа бөленіп,береке- бірліктің бастаушысы болып жүре беріңіздер -деген ниетпен бүлдіршіндер аналарға ыстық лебіздерін,тілектерін білдірді.

Дата: 1.04.2019, 16:13 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»