Қыс қызығы

Қыс қызығы

Қаңтардың 24 - ші жұлдызында КМҚК МЖД «Жұлдыз» балабақшасында орта және ересек топтар арасында «Қыс қызығы» атты ойын - сауық өтті. Қонаққа келген көңілді Аяз ата, аю, түлкі мен мыстан кемпір балаларға тамаша көңіл - күй сыйлады. Олар балаларға қызықты ойындар ойнатып, би билетіп балалардың көңіл – күйлерін көтерді. Ойын кезінде балалар өздерінің шапшаңдықтарын, жылдамдықтарын көрсете білді. Ойын–сауық тамаша көңіл күймен флешмобпен аяқталды.

Дата: 24.01.2019, 16:08 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»