Үздік педагог

Үздік педагог

2018 жылғы 13 қарашада МЖДМ КМҚК «Жұлдыз» балабақшасында жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру мақсатында «Үздік педагог» байқауы өтті. Байқауға 4 маман қатысты. Байқау барысында жас тәрбиешілер мен мамандар өздерін таныстырып, өз шеберліктерімен жасаған бұйымдарын көрсете білді. Аталмаш шара 5 кезеңнен тұрды.Сонымен қатар білім деңгейлерін тексеру мақсатында сұрақтарға және педагогикалық жағдаяттарды шешті. Жас мамандар өздеріне берілген жобаны қорғап, кәсіби біліктіліктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін жетілдірді. Бұл байқауда педагогтар жүлделі орындарға ие болды. Байқауда бас жүлдеге ие болған тәрбиеші –Лиана Бекзатқызы. I- орын иегері тәрбиеші Жанар Кыдырбекқызы, II-орын иегері ағылшын тілі оқытушысы Назгүл Ертайқызы , III-орын иегері музыка жетекшісі Айдана Талғатқызы. Ереже бойынша Марат Лиана Бекзатқызы қалалық байқауға жолдама алды.

Дата: 14.11.2018, 17:12 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»