"Қауіпсіз су"

Шілденің 9- шы жұлдызы күні «Жұлдыз» балабақшасында балаларға «Қауіпсіз су» тақырыбында ойын сауық өткізілді. Іс- шараның мақсаты балаларды суда қауіпсіздік сақтау ережесі мен таныстыру. Ойын сауыққа №4 мектеп оқушылары, психолог Мейрамгуль Бедельбаевна мен төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Асылбек Мерекеевич қатысты. Оқушылар суда қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтып, бейнефильм көрсетіп, сұрақтар қою арқылы балалардың білімін пысықтады. Сондай-ақ оқушылардың өздері дайындап әкелген «Суреттерді құрастыр» ойыны балаларға қатты ұнады. Соңында балалар келген қонақтарға рахмет айтып шығарып салды.

Дата: 9.07.2018, 14:34 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»