Астана - арман қала

Астана - арман қала

Шілде айыының 5 – ші жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында «Астана арман қала» атты ойын сауық өтті. Бүлдіршіндер астана қаласы жайында жаттаған тақпақтарын өлеңдерін ортаға салды. Қонаққа келген Алтын адаммен қызықты ойындар ойнап көңіл көтерді. Сонымен қатар Сайқымазақ та өзімен бірге әкелген ойынын ойнатып, сыйлықтарын таратты. Сондай- ақ астанаға отбасымен қыдырып барған балалар өздерінің суреттерін қонақтарға көрсетті. Мереке соңы көңілді флешмобпен аяқталды.

Дата: 9.07.2018, 14:29 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»