Мемлекеттік рәміздер күні.

Мемлекеттік рәміздер күні.

4 маусым күні «Жұлдыз» балабақшасында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті. Бұл күн Қазақстан Республикасының мемлекеттік ән ұранын орындаумен басталды. Барлық топтарында рәміздер күніне арналған тақырыптық ұйымдастырылған оқу қызметі жүргізілді. II- кіші топ балалары ҚР рәміздері бұрышына саяхатқа барып танысты. Сондай-ақ, шара барысында орта орыс тобында «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбында викторина жүргізді. Ал ересек қазақ тобының балалары мемлекеттік рәміздерге байланысты слайд-фильм тамашалап көп мәлімет алды. Англиядан қонаққа келген Мэри балалармен ойын ойнап білімдерін сынады. Балалар қойылған сұрақтарға жақсы жауап беріп отырды.

Дата: 5.06.2018, 10:18 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»