Біз бақытты балдырған!

Біз бақытты балдырған!

«Жұлдыз» балабақшасында 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтті. Балабақшамыздың ауласы мерекелік жалаушалар, шарлармен безендірілді. Мерекеге көңілді кейіпкерлер Лягушонок, Ковбой, Ромашка, Гном Танцуля, Спортакус келіп балаларды қызықты аралдарға ойын ойнап көңіл көтеруге шақырды. Аралдарда балалар доппен секіріп, жерге сурет салып, жұмбақтар шешті. Кейіпкерлер балалармен әр-түрлі ойындар ұйымдастырып, эстафеталық жарыстар өткізді. Мереке соңында балалар гноммен бірге флэш-моб биледі. Қонаққа келген кейіпкерлер балаларды мерекемен құттықтап жақсы көңіл-күй сыйлады. Ересек топтың балалары мерекеге арналған қалалық іс-шараға қатысты. Бұл мерекелік іс-шара көл жағалауында өтті. Мерекеде балалар әдемі костюмдарын киіп «Біз бақытты балдырған» тақырыбында асфальтта сурет салды. Топ балалары естелікке суретке түсіп жақсы көңіл-күймен қайтты.

Дата: 1.06.2018, 16:19 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»