«Танцуй» би сайысы

«Танцуй» би сайысы

27 мамыр күні Қарағанды қаласында бүлдіршіндер арасында «Аврора» мәдени демалысын қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық «Танцуй» би сайысы өтті. «Жұлдыз» балабақшасының тәрбиеленушілері 3-5 жас аралығында «Мы спортивные друзья» атты спорттық композиция бойынша өнерлерін көрсетіп жүлделі бірінші орынды, сайыстың арнаулы сыйлығы статуяны иеленді. Мәдени қолдау орталығы балабақша ұжымын дипломмен, биші балаларды медальмен, дене шынықтыру нұсқаушысы М.К. Садыкованы алғыс хатпен марапаттады. Жеңімпаз тәрбиеленушілер: Жұмабек Нұрсерік, Қуандық Медина, Өмірәлі Ералы, Жұмабек Расул, Игенова Айлин, Таласпай Аслан, Амирхан Жансел, Арина Некрасова. Әдемі костюмдерімен, биді мәнерлеп орындау шеберліктерімен көрермен көңілінен шықты. Сайысқа балаларымен барған ата-аналар балабақша ұжымына алғыстарын білдіре отырып, балалардың шығармашылығын шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында осындай сайыстар жиі болса екен деген пікірлерімен бөлісті. Өз тарапынан балаларына қолдау көрсеткені үшін балабақша директоры К.Б.Жакишева ата–аналарға да алғыс білдірді.

Дата: 31.05.2018, 15:39 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Жұлдыз"