9-мамыр Жеңіс күні!

9-мамыр Жеңіс күні!

9-мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүние жүзі бойынша үлкен мейрам. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін еш уақытта ұмытпауымыз керек. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген батырларымызға арнап4 мамыр күні «Жұлдыз» балабақшасында ересек «Қызғалдақ» тобы және орта «Еркетай» топтарында 9 мамыр «Ұлы жеңіс күніне» арналған ертеңгіліктерөтті. Ертеңгілікте балалар мерекеге арнаған тақпақтарын, ән-билерін көрсетті. Сонымен қатар слайд арқылы батырлармен танысып, олардың ерліктері мен еңбектеріне тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялап, мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Ертеңгілікте «Еркетай» тобының бүлдіршіндері орындаған «Болмасын соғыс» атты көрінісі көрермендердің ризашылығына бөленді. Ертеңгілік соңында балалар «Атамекен» әнін орындап, мерекелік көңіл-күймен аяқтады.

Дата: 14.05.2018, 15:37 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Жұлдыз"