"Тауық пен балапан" және "Сиқырлы дыбыстар мен әріптер"

Сәуір айының 5-ші жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында жылдық жоспарға байланысты I кіші топта «Тауық пен балапан» тақырыбында, ал ересек топта «Сиқырлы дыбыстар мен әріптер» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметіне балалар жақсы қатысып өздерін еркін ұстай білді. Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап бере отырып балапанын іздеп келген тауықты жақсы көңіл – күймен қарсы алды. Сондай – ақ балалар заттың түсін, пішінін, көлемін үлкен - кіші, жұмсақ - қатты,не қалай дыбыстайды деген сұрақтарға толық жауап беріп, өз білім деңгейлерін шыңдады. Соңында тауық әкелген жұмыртқаларын балаларға сыйға тартты. Ересек топтың балалары өздерін ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің басынан бастап жақсы жақтарынан көрсете білді. Балалар тақта алдында және орындарында отырып берілген тапсырмаларды аса қызығушылықпен орындады. Әсіресе «Адасқан әріптер», «Балапан кітапшалар» құрастыруға бар ынтасымен қатысты.Ұйымдастырылған оқу қызметінің соңында балалар өздеріне қызықты болған және қызыға орындаған тапсырмаларын, алған әсерлерін ортаға салды.

Дата: 6.04.2018, 15:02 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»