«Мамандығым-мақтанышым»

«Мамандығым-мақтанышым»

28 наурызда «Жұлдыз» балабақшасында даму стратегиясының 1-ші бағыты бойынша жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, мамандығына сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Мамандығым-мақтанышым» атты сайыс өтті. Сайыс барысында жас тәрбиешілер мен мамандар өздерін таныстырып, өз шеберліктерімен жасаған бұйымдарын көрсете білді. Сонымен қатар білім деңгейлерін тексеру мақсатында сұрақтарға және педагогикалық жағдаяттарды шешті. Жас мамандар өздеріне берілген жобаны қорғап, кәсіби біліктіліктерін арттырып, шығармашылық қабілетін жетілдірді. Бұл сайыста жас мамандар теория мен тәжірибені ұштастыра отырып өздерінің кәсіптік құзіреттіліктерін нығайтты.

Дата: 29.03.2018, 14:16 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»