Армысың әз-Наурыз!

Армысың әз-Наурыз!

Наурыз айының 19-20 күндері «Жұлдыз» балабақшасында Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай ертеңгіліктер өтті. Ұлттық киім киген топ балалары «Алтын дән», «Шабан би» ауылдарына қонаққа барды. Ауылдарға балалармен бірге Наурыз тойын тойлауға Қыдыр ата және Наурыз әже қонаққа келіп балаларға өз батасын берді. Балалар мерекеге арнап ән салып, би билеп, тақпақтар айтып қазақ халқынын «Арқан тартыс», «Ханталапай» атты ұлттық ойындарын ойнады. Әр топ өскелең ұрпаққа үлгі ретінде қазақ халқының «Балаға ат қою», «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсаукесер» сияқты салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Сонымен қатар Наурыз тойының жаршысы Қыдыр ата мен Ақ әженің келуі балаларға ерекше әсер етті. Орыс Ересек «Қызғалдақ» тобында «Дарабоз» атты сайыс өтті. Сайыс «Танымал тұлғаларды ата», «Жұмбақтар», «Мақал-мәтел», «Үй тапсырмасы» атты бөлімдерден тұрды. Мерекелік сайыста балалар өз білімдерін жақсы көрсетті. Және де мерекеге орай балаларға арнап «Қазақ нақыштары» атты көрме ұйымдастырылды. Бұл мереке балаларға тек нұры мен шуағын, шапағаты мен қуанышын сыйлап, ешбір баланың жүзіне күлкі сәулесін төкпей қоймасы анық.

Дата: 21.03.2018, 11:24 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Жұлдыз"