Размер шрифта:

Праздник 8 марта

Праздник 8 марта

Наурыздың 5 - 7 жұлдызы аралығында «Жұлдыз» балабақшасында барлық топтарда Аналар мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар ертеңгілікте аналарына арнап тақпақ айтып, ән шырқап әр түрлі сахналық көріністер, диалогтар қойды. Мерекеге орай ертегі кейіпкерлері Кикимора, Буратина, Мальвина, Күн ,Көбелек, Карлсон келіп, балаларды қызықты ойындарға қатысуға шақырды. Балалардың аналарына арнап жасаған слайд-фильмі ұсынылып, ағылшын тіліндегі «I love my Mommy» әнімен ертеңгілік өз мәресіне жетті. Мереке соңында балалар аналары мен әжелеріне арнап қолдарынан жасалған сыйлықтарын тарту етті.

 

Дата: 7.03.2018, 16:57 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»