Размер шрифта:

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Наурыз айының 1-ші жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында «Алғыс айту» күні аталып өтті. Тәрбиешілер, балалар және ата-аналардың қатысуымен әр топқа алғыс айту қорапшасы қойылды. Ата-аналар және балалар тәрбиешілерге, балабақша қызметкерлеріне деген шексіз, риясыз алғыстарын осы қорапшаға жазып салды. Әр топта 1 наурыз күні тәрбиешілер балаларға мереке жайлы мағұлмат беріп, мейраммен таныстырды. Әр топта «Алғыс айту» күніне орай «Шаттық шеңбері» ұйымдастырылып, балалар бір-біріне деген жылы тілектерін айтып мәз-мейрам болысты және де ата-аналарына өз тақпақтарын арнады.

Дата: 1.03.2018, 15:51 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»