«Қыс қызығы» атты кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі

«Қыс қызығы» атты кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі

Ақпанның 16 жұлдызында «Толағай» ІІ кіші тобында балабақшаның жоспарланған жоспары бойынша «Қыс қызығы» атты кіріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметі өтті. Жас маман Алкенова Индира өзінің жұмысында инновациялық технологиялардықолдана отырып, балаларға берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындата білді. Сондай-ақ тақтаға өздері қалаған сурет бойынша әңгіме құрастырып, қонаққа келген аққаланың жұмбақтарын шешті.Тәрбиеші балалардың ұсақ саусақ моторикасын дамыту мақсатында қолдан жасалған қар ұлпаларымен жұмыс жасады. Сергіту сәтінде аққаламен би билеп бір сергіп алды.Соңында оқу қызметін қорытындылап, балалар сабақтан жақсы әсер алды.

Дата: 19.02.2018, 15:17 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»