«Заманауи педагогтың кәсіби өсуін дамыту» атты семинар

«Заманауи педагогтың кәсіби өсуін дамыту» атты семинар

Балқаш қаласының білім беру бөлімі КМҚК МЖДМ «Жұлдыз» балабақшасында даму стратегиясы бойынша тәрбиешілердің кәсіби біліктілігін арттырудың маңызды құралы ретінде әдістемелік жұмысқа көп көңіл бөлінуде. 5 ақпан күні Жұлдыз балабақшасында даму стратегиясын жүзеге асыру жоспары бойынша «Заманауи педагогтың кәсіби өсуін дамыту» атты семинар коучинг өтті. Семинарға желілік қауымдастықтағы «Ер төстік», «Бөбек» балабақшаларының жас мамандары мен тәлімгерлері, қала балабақшаларынан он екі жас маман педагогтар қатысты. Педагогтар жоспар бойынша постерлер қорғап, когнитивті жаттығулар орындады. Сондай ақ, білім беруді жаңашаландыру, білім беру сапасын қамтамасыз етуді, білім беру саласына жаңа технология арқылы енгізуде өз тәжірибелерімен бөлісті.