Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара

Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара

Қыркүйек айының 21, 22 жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында Тілдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шарада қаламыздың 80 жылдығын атап өттік. Қаламызға арнап үш тілде ән шырқап, би билеп ән айтылды. Балалар үш тілде ән шырқады. Тамаша көңіл күймен бүлдіршіндер халық биін нақышына келтіре биледі. Орта орыс тобы балалары неміс тілінде ән шырқады. Ересек тобының бүлдіршіндері «Наш город родной» тақырыбында спорттық-музыкалық композициясын көрсетті. Мерекеде балалар орыс халқының «Матрешки» биін билеп берді. Мереке соңында жас бүлдіршіндер ағылшын тілінде «Hello!» әнін орындады.

Дата: 22.09.2017, 9:55 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»