Қалалық тәрбиешілер форумы

Қалалық тәрбиешілер форумы

 

 «Тәлімі мол тәрбиеші» коучингі

       2018 жылдың 23 қараша күні Балқаш қаласында алғашқы "Қалалық тәрбиешілер форумы" өтті. Форумда "Айсулу", "Алпамыс", "Ақбота" балабақшасының тәлімгерлері мен жас мамандары коучингқа белсенді қатысты. Коучинг мақсаты: педагогтың кәсіби іскерлігі мен дағдыларын дамыту, оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері: Жас тәрбиешілерге негізгі көмек көрсету формаларын ашу. Тәлімгердің жас мамандармен жұмыс істей білу принциптерін көрсету. жетістікке жетудің формуласын көрсету.

       Коучингке тәлімгерлер және жас мамандар болып екі топқа бөлінді. Коучинг төрт кезеңнен тұрады.

       1-кезең: "Күлкі сыйла" жаттығуында тәрбиешілер шеңберге тұрып, бір-бірлеріне күлкі сыйлады.

       Ал келесі кезеңіміз "Миға шабуыл - іскерлік әдісі", тәрбиешілерге "Педагогтың мәртебесін қалай көтеру керек?" деген сұраққа қажетті мәселелерін жазу керек болған. Тәлімгерлер және жас мамандар өз мәселелерін жазып, талқылауға ортаға салды. Әрине, екі топ арасында мәселелердің келіспеушіліктері де болды. Бірақ, аяғында педагогтар өзара бір шешімге келді.

       Келесі кезең бойынша "Синквейн" ойыны ұйымдастырылды. Педагогтарға берілген "Тәрбиеші", "Тәлімгер" деген сөздеріне синквейн әдісін қолданып шағын өлең шумағын шығарды.

       "Қоштасу" жаттығуымен 4-кезең аяқталды. Педагогтар ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен қайтты.

 

Дата: 23.11.2018, 17:15 Автор: Мектепке дейінгі мекеме "Айсұлу"