Лаула, лаула алау оты !

Лаула, лаула алау оты !

     2019 жылдың 7 наурызында Оқушылар сарайы педагогтары және мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының президенттерінің ұйымдастыруымен «Үлкен жүрек» қоғамдық бірлестігінде, көктем мезгілінің келуіне орай «Лаула, лаула алау оты!» акциясы бастау алды. Үлкен жүрек ұйымында тәрбиеленуші ерекше балаларды: қыс мезгілін шығарып салу дәстүрі «Қош бол, әсем қыс!», спорттық-ұлттық ойындар ойнау «Күш атасын танымас!», «Дәмді құймақтар» және ойын-сауық бағдарламасы «Lets go!» атты қызыққа толы кезеңдер күтті.  Барбоскиндер, Панда, қоян-Джуди Хопс және түлкі – Ник Уайлд, Лунтик  сынды ертегі кейіпкерлері  балалармен би билеп, ән салды. Акция соңында МӨӨБ Президенттері балаларды тәтті сыйлықтарымен қуантып, ізгі тілектерін білдірді. Тәрбиешілер мен балалар алғыс айтып, бүгінгі акциядан алған әсерлерімен бөлісті.  Көктем мерекесі жалғасуда!

Дата: 13.03.2019, 8:50 Автор: Оқушылар сарайы