"Жылы жүрек жастар" қайырымдылық концертін ұйымдастырылып өткізілді...

 

  12 наурыз күні, ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспарына сай мектебіміздің оқушылары көркемдік жетекшілерімен қалалық балалар үйіне экскурсия жасап, "Жылы жүрек жастар" қайырымдылық концертін ұйымдастырып өткізді.

Концерттік бағдарламада оқушылар ән, би, күй, мәнерлеп оқудан өнерлерін көрсетіп, барлығына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Мерекелік концерт соңында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тәтті сыйлықтар тарту етілді. Балалар үйінің ұжымы мен балалары өздерінің ризашылықтарын білдіріп, естелікке суретке түсті.

 

Дата: 13.03.2019, 11:08 Автор: Мектеп-интернат №2